MUSEMEDIA LAB
Идеядан басталатын тарих.
Алматы · 2026
MUSE ТУРАЛЫ
MUSE MEDIA LAB — тәуелсіз коммуникация агенттігі. Брендтермен, жеке тұлғалармен жұмыс істейміз, жаңа бастамалар мен мемлекеттік жобаларды көпшілікке таныстыруға көмектесеміз.
Әр жобаға PR стратегиясын құрамыз, контент әзірлейміз, ол туралы БАҚ пен әлеуметтік желіде айтамыз.
Жамал Жақсытай — MUSE MEDIA LAB негізін қалаушы, кино және медиа продюсері, PR-стратег.
ЖАМАЛ
Кейде танылу үшін әуелі танылуға лайық іс жасау керек.
MUSE
Сол істі клиенттерімізбен бірге ойластырып, қолға аламыз.
ҚЫЗМЕТТЕР
Стратегиялық сессия
Екі сағатта PR мен контентке бағыт беріп, неден бастау керегін бірге анықтаймыз.
Жеке бедел
Тәжірибеңіз бен көзқарасыңызды көпшілікке танытатын жобаларды бірге қолға аламыз.
Брендтің өз медиасы
Брендіңізге арнап тұрақты шығатын видео, подкаст немесе сұхбат жобасын жасаймыз. Идеясын ұсынып, сценарийін жазамыз, түсіреміз және жариялаймыз.
Арнайы жобалар
Фильм, форум, мәдени іс-шара. Идеяны бірге дамытып, іске асырамыз.
КӨЗҚАРАС
Бізді адамның болмысы шабыттандырады.
Әуелі сізді тыңдаймыз. Жобаңыз қалай басталды? Сіз үшін несімен маңызды? Содан кейін ол туралы кімге, қалай айтатынымызды бірге шешеміз.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
01.Сіздер SMM агенттігінен несімен ерекшеленесіздер?
Біз тек әлеуметтік желімен жұмыс істемейміз. PR стратегиясын әзірлейміз, медиамен байланыс орнатамыз, креатив жобалар жасаймыз және олардың жүзеге асуын ұйымдастырамыз.
02.Кез келген адамның жеке брендімен жұмыс істейсіздер ме?
Жоқ. Біз өз саласында тәжірибесі, нақты жетістіктері бар, бірақ кең аудиторияға әлі толық таныла қоймаған тұлғалармен жұмыс істейміз. Жеке брендті нөлден қалыптастыру біздің негізгі бағытымыз емес.
03.Қандай компаниялармен жұмыс істейсіздер?
Нақты өнімі, тәжірибесі немесе жүзеге асырған жобалары бар, бірақ өз жұмысын кең аудиторияға жеткізуде қолдауды қажет ететін брендтермен және компаниялармен.
04.Қызметтеріңізді жеке-жеке алуға бола ма?
Иә. PR стратегиясы, медиа қолдау, жеке бренд, креативті продакшн, контент өндірісі немесе іс-шара ұйымдастыру қызметтерін бөлек алуға болады. Қажет болса, бірнеше бағытты біріктіреміз.
05.Менің өз командам бар. Сіздерді бір жобаға тарта аламын ба?
Иә. Командаңызбен бірге жұмыс істеп, нақты бір бағытты немесе жобаның белгілі бір кезеңін жүргізе аламыз.
06.Менде тек идея бар. Оны жүзеге асыруға көмектесесіздер ме?
Идеяның мақсатын, аудиториясын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Соның негізінде концепциясын, бюджетін және жүзеге асыру жоспарын әзірлей аламыз.
07.Нәтижені қалай өлшейсіздер?
Жобаның мақсатына қарай. БАҚ-тағы жарияланымдар, аудитория қамтуы, серіктестік ұсыныстар және басқа да алдын ала келісілген көрсеткіштер арқылы.
08.Жобам туралы ақпарат құпия сақтала ма?
Клиенттің рұқсатынсыз жеке және коммерциялық ақпаратты жарияламаймыз. Қажет жағдайда құпиялық туралы келісім жасаймыз.
09.Бюджетім шектеулі болса, сіздермен жұмыс істей аламын ба?
Жобаның міндеті мен көлемін талқылаймыз. Бюджетке қарай қандай қызмет ұсына алатынымызды анықтаймыз.
10.MUSE менің жобама сай келетінін қалай білемін?
Стратегиялық сессияға жазылыңыз. Онда қазіргі жағдайыңызды, мақсатыңызды және қандай көмек қажет екенін талқылаймыз. Содан кейін бірге жұмыс істеудің орынды екенін анықтаймыз.
БАЙЛАНЫС
Идеяңызды осы қағазға теріңіз.
